ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас экологтардың қалалық турнирі
26-12-2019 08:50
Жас экологтардың қалалық турнирі

«Құс қанатындағы арман» қалалық акциясы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Алюминий Қазахстана» АҚ-мен бірлесіп жыл сайынғы «Экобілімдар - 2019» турнирінің 2 кезеңі өтті. Мақсаты - оқушылардың экология бойынша білімдерін кеңейту, қоршаған ортаны қорғау саласында балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазылар алқасының жұмысына жылыжай меңгерушісі Қапашев Ахметуали Рашитұлы, бұқаралық бөлімнің меңгерушісі Қасенова Әсия Әбілқайырқызы, «Қазақстан алюминийі» АҚ жетекші инженері Сейтқазинова Әсемгүл Серікқызы қатысты.

«Эко-білімпаз» І турына орталықтың балалар бірлестіктерінің 75 тәрбиеленушілері мен № 28, 30, 33, 35, 18, 2, 6, 16 жалпы білім беретін мектептердің 3 - 7 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар қоқысты қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша «Экологиялық сауалнама», «Таныс бейтаныс адамдар» байқауларында креативті шешімдерді көрсетті. «Экологиялық күнтізбе» конкурсында қатысушылар экологияға байланысты маңызды күндер мен мерекелердің өздерінің білімдерін көрсетті. «Құстарға арналған дәмхана» байқауы - құстарға арнап дайындалған жемшектердің тұсаукесері болды. Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

         «Білімдар» ІІ турына № 28, 33, 35 мектептерінен құрылған орталықтың балалар бірлестіктерінің 20 тәрбиеленушілері мен оқушылары қатысты. Турнир 5 кезеңнен тұрды - «Таныстыру», «Экологиялық сауалнама», «Сұрақ-жауап», «Топ басшысы сайысы», «Құстарға арналған дәмхана». Конкурс қорытындысы бойынша № 28 мектептің «SOS» командасы жеңімпаз атанды, II орынды № 33 мектептің «Табиғат» командасы, III орынды № 28 мектептің «Жер шарының иелері»  командасы иеленді. Барлық қатысушылар «Қазақстан алюминийі» АҚ грамоталар мен сыйлықтарға ие болды.

         «Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласында өте жақсы білімдерін көрсетті. Бұл біздің балалармен алғашқы кездесуіміз емес. Біздің кәсіпорын экология және туризм орталығымен үнемі ынтымақтасып келеді», - деді қазылар алқасының мүшесі, «Қазақстан алюминийі» АҚ жетекші экологы Әсемгүл Серікқызы. Іс-шара соңында балалар қонақтармен бірге 14 құстар үйін ілді.