ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шырша
26-12-2019 16:47
Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шырша

2019 жылғы 26 желтоқсан күні «Ертіс» қонақ үйі кешенінде Павлодар қаласының әкімі Қ.Т. Нүкеновтың қатысуымен «Біз еліміздің жарқын болашағымыз»  атты Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.  

Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9 - 13 жастағы 150 бала. Жаңа жылдық шырша қатысушыларының барлығы спорттық киімді алу үшін сертификаттар, «Ұлы Жібек жолы» атты үш тілде басылып шыққан энциклопедиялар, сонымен бірге тәттілер кіретін сыйлық жиынтығын алды.

Балаларды ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алды, театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Жаңа жылдық ертегіде асыл қазынаны іздеуге халық ертегілерінің кейіпкерлері - Бапы хан, ұлы Шойынқұлақ және Қара-дау, сондай-ақ Алтын адам, Феникс, Мысық ғалым және тышқандар қатысты. Балалар ертегі әлеміне еніп, аниматорлармен интерактивті ойындарға қызығушылықпен қатысты. Мереке соңында мерекелік дастархан жайылды.