ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздік педагог» республикалық байқауының жүлдегері
27-12-2019 09:42
«Үздік педагог» республикалық байқауының жүлдегері

Павлодар қаласының № 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Балташева Шолпан Социалқызы  «Өрлеу өркендеу» халықаралық  ғылыми-ақпараттық, танымдық тәрбиелік журналы  ұйымдастырған «Үздік педагог» байқауының жүлдегері атанды.     

Педагог байқауға  инновациялық технологияларды пайдалана отырып «Картина  бойынша  «Үй жануарлары» әңгімесін құрастыру» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарын ұсынды.  Байқаудың нәтижесі бойынша Шолпан Социалқызы «Үздік педагог» төсбелгісімен және «Өрлеу өркендеу» халықаралық ғылыми-ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталынды.

Шолпан Социалқызы 1 санатты тәрбиеші, еңбек өтілі  11 жыл, үнемі ізденісте болатын педагог, түрлі сайыстардың  қатысушысы. 2017 жылы республикалық «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстаз» сайысында I орын иеленді, «Ағартудан заманауи педагогикалық теория мен тәжірибеге» сайысының  «Үздік іс-шара» номинациясында, «Мектепке дейінгі білім берудегі жаңашыл педагог» зияткерлік конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Бейнелеу өнері  бойынша дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану» оқу-әдістемелік құралының құрастырушысы. Тәрбиеленушілері «Жауқазын» интеллектуалдық олимпиадасының тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары.