ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Джиу джитсу бойынша мектеп оқушының біріншілігі
27-12-2019 10:48
Джиу джитсу бойынша мектеп оқушының біріншілігі

Алматы қаласында өткен джиу джитсу бойынша халықаралық турнирде Павлодар қаласы К. Макпалеев атындағы мектептің 5 сынып оқушысы Эммануилиди Давид 11 - 12 жас аралығындағы қатысушылар арасында 35 - 40 кг салмақ дәрежесінде I орынға ие болды.

Давид 6 жастан бастап Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлжанов Дәулет Исайұлы «Жауынгер» айки-дзю-дзюцу мектебінде шұғылданады. Ол қара белбеу иегері, облыстық және республикалық жарыстарға 9 жастан бастап қатысады, 9 алтын, 4 күміс, 2 қола медальдары бар. 2015 - 2019 жылдар кезеңінде облыстық және республикалық жарыстарда (Алматы, Талдықорған қалаларында) алтын медальдарды, 2018, 2019 жылдары облыстық және республикалық жарыстарда (Алматы қаласында) күміс медальдарды, 2018, 2019 жылдары облыстық және республикалық жарыстарда қола медальдарды жеңіп алды (Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында).

Давид мектепте жақсы оқиды, математика пәнінен мектеп олимпиадаларында жетістіктері бар, қалалық және мектеп іс-шараларына қатысады. Мектепте волейбол командасының құрамына кіреді.