ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балдауренде қала мектептерінің 1300-ге жуық оқушысы демалды
31-12-2019 09:34
Балдауренде қала мектептерінің 1300-ге жуық оқушысы демалды

Сауықтыру, оқыту және тәрбиелеу, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында 2019 жылы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 20 ауысымда қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 1289 оқушысы болды.

Лагерьде 10 күнбойы балалармен жұмыс «Балдәурен camp» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Кешенді бағдарлама оқушылардың қызығушылықтары бойынша сауықтырылуының, демалуының және бос үақытын ұымдастыру әртүрлі жоспарлы жобаларын, өзараіс-қимыл және ынтымақтастық, көшбасшылық және ұйымдастырушылыққа білеттерін қалыптастыру, дербесшы ғармашылық қызметке ұмтылу және қызметтің әртүрлі бағыттарында қосымша білім алу жобаларын қамтиды. Бағдарлама аясында лагерьде «Балдәурен - даму аумағы», «Бірлігіміз жарасқан», «Ұлттық қазына», «Шеберлер қаласы» жобаларын жүзеге асыру дәстүрге айналды.

«Толағай» спорттық жобасы аясында оқушылардың денсаулығын нығайту және дене бітімін дамыту үшін күнсайын таңертеңгі жаттығу, «Көңілді старттар» командалық ойындары, «Айбын» әскери-спорттық ойыны, «Спорт сенің серігің», «Көңілді мәре», футбол, волейбол, стрибол, үстелойындары, «Ұлттық ойындар» (тоғызқұмалақ, бесасық, орамал тастау), станциялар бойынша ойындар өткізіледі.

Оқушылардың «Өзіңді таны» жобасын жүзеге асыруға қатысуы өзқызығушылықтарын ашуға, шығармашылық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. «Лабиринтқа саяхат», «Қазына іздейміз», «Сиқырлы қоржын» зияткерлік, іздеу ойындарын нақты жоспарлауға көмектеседі.

«Денсаулық зор байлық» жобасы аясында оқушыларға тұзды шахтаға бару және ағзаны оттекті коктейль мен байыту мүмкіндігі берілді. Салауатты өмір салтын жүргізу, дұрыс тамақтану бойынша әңгімелер жүргізіледі.

7 қаңтардан бастап лагерьде көпбалалы және азқамтамасызетілген отбасылардан шыққан 80 оқушы үшін 2020 жылдың 1-ші ауысымы басталады. «Қош келдің, 2020 жыл» демалыс және сауықтыр қысқы маусымында оқушыларға түрлі қысқы іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі, «Балдаурен қысқы ертегілері», «Денсаулық иесі», «Ғажайып әлем», «Қысқы өрнек» жобалары шеңберінде таза ауада көбірек болады.