ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қысқы каникулда мектеп оқушыларының мұражайларға баруы
05-01-2020 16:32
Қысқы каникулда мектеп оқушыларының мұражайларға баруы

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының және Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Мұражай достарын шақырады» атты бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде мектеп оқушыларының қала мұражайларына баруы бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. 2019 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта 15 мыңнан астам оқушы мен қала педагогтары мұражайларға барды.

Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында, көркемсурет мұражайында, П. Васильев мұражай-үйінде, Шафер мұражай-үйінде, Майра Шамсутдинова ән шығармашылық үйінде «Майраның ән мұрасы», «Мұражайға қош келдіңіз», «Әскери даңқ сақтаушылары», «Ерекше дарын иесі», «Қазақ даласының қыраны» атты тақырыптарға оқушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды.

2020 жылдың 5 - 9 қаңтар аралығында қысқы демалыс күндері қала мектептерінің 10 мыңнан астам оқушылары тегін негізде жаңа «ERTIS» мультимедиялық мұражайына барады. Онда оқушыларға көптеген қызықты инсталяцияларды - үлкен мүйізді бұғы сүйектерін, мамонттар, бизондар, тарих, геология, археология бойынша әр түрлі дәуірдің заттарын көруге мүмкіндік беріледі. «Ара шаруашылығы мұражайы» атты ауыл шаруашылық кооперативіне 2 мыңнан астам оқушылардың баруы жоспарлануда.