ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робототехника бойынша халықаралық фестиваль жеңімпаздары
06-01-2020 09:41
Робототехника бойынша халықаралық фестиваль жеңімпаздары

2019 жылдың желтоқсан айында Ресейдің Новосібір қаласындағы мемлекеттік техникалық университетінде өткен Новосібір технологиялық «Спорт. Шығармашылық. Зияткерлік» ашық фестиваліне мектеп оқушылары, студенттер, Новосібір облысы, Алтай өлкесі, Хакасия және Қазақстан балабақшаларының тәрбиешілері қатарынан 360-ға жуық команда қатысты. Фестиваль ұйымдастырушыларының шақыруы бойынша Павлодар қаласының № 35 мектебінің «TurboPvl» құрама командасы құрамында 9 сынып оқушысы Елтай Елнұр, 7 сынып оқушысы Баспанов Асанәлі, 6 сынып оқушысы Иманов Алдияр, Робототехника үйірмесінің жетекшісі Камиль Айбек және Б. Момышұлы атындағы мектептің оқушылары Егубай Смайла (9 сынып), Хомар Олжас (6 сынып), Еркинов Аманали (7 сынып), жетекшісі Айғожинов Дәулет Ермекович, информатика мұғалімдері қатысты. Фестивальға қатысу үшін Павлодар командасы ұйымдастырушылардың ресми сайтында тіркеуден өтті.

Фестивальда команда «Шығармашылық жоба» категориясында «Үздік жоба» номинациясы бойынша өнер көрсетті. Қатысушылар «Автомобиль дөңгелектері өндірісі» жұмысын ұсынды - автомотизацияланған роботтардың көмегімен ескі қалдықтардан жаңа металл дискілер өндіріледі, дискілерге шиналар киіледі. Автомотизацияланған роботтар күн мен жел арқылы электр энергиясын сынайтын өндірістік роботтардың көмегімен іске қосылады.

Фестиваль қорытындысы бойынша әр санат бойынша бір ғана орын берілді. Павлодар командасының жұмысы үздік деп танылып, «Үздік жоба» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Команда Новосібір қаласының мэрия Департаментінің дипломымен марапатталды және келесі жылы фестивальға қатысуға шақыру алды, жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.