kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3024407
Бір айда310227
Бір аптада113996
Кеше33270
Тәулік12666
Үздік олимпиадалық команда
08-01-2020 00:10
Үздік олимпиадалық команда

Жалпы білім беретін 15 пәннен 58-ші Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қалалық, аудандық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9 - 11 сыныптың 720 оқушылары қатысты.  

Павлодар қаласының командасын 21 жалпы білім беру мектебінен 69 оқушы ұсынды, соның ішінде информатика пәнінен 9 сынып оқушысының тапсырмасын № 34 жалпы орта білім беру мектебінің 7 сыныптың оқушысы Юсопов Даниил, 11 сынып оқушысының тапсырмасын, 8 сыныптың оқушысы Колодин Максим орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының құрама командасы облыс қалалары арасында «Үздік олимпиадалық команда» номинациясына ие болды. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 54 оқушы болды, оның ішінде І орынды 11 оқушы, ІІ орынды 15 оқушы, ІІІ орынды 28 оқушы иеленді. № 39 мектептің 10 қатысушысының 10 оқушысы да өз көрсеткіштерін растап, жүлделі орындарға ие болды (команда бойынша қатысушылардың саны көп). Ең жақсы нәтижеге № 1 мектеп (2 қатысушының 2-де), № 5 (1 - 1), 7 (1 - 1), № 9 (5 - 8), № 16 (3 - 3), № 18 (1 - 1), № 20 (1 - 1), 23 (1 - 1), № 25 (5 - 6), № 28 (2 - 2), № 29 (6 - 6), № 34 (3 - 5), № 37 (6 - 9), № 38 (1 - 3), № 43 (1 - 1), Б.Момышұлы атындағы мектеп (3 - 6), Қ. Бекхожин атындағы мектеп (1 - 1), Кенжекөл ЖОМ (1 - 1) оқушылары қол жеткізіп, өз білімдерін дәлелдеді. Юсопов Даниил III орын алды.

Жоғары оқу орындарында білім алу үшін грантты 4 түлек алды. София Мельник, № 16 лицей-мектебінің оқушысы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне, Богдан Бондарев, № 34 ЖОМ оқушысы - Инновациялық Еуразия университетіне, Диас Исадинов, № 34 ЖОМ оқушысы - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне, Сұлтан Ильяс, № 39 ЖОМ оқушысы - Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық университетіне оқуға грант алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан қатысушылар наурыз айында Қарағанды және Талдықорған қалаларында өтетін Республикалық олимпиадаға қатысу үшін облыстың құрама командасының құрамына енеді.

Облыстық олимпиада 2020 жылдың 5 - 6 қаңтарында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде өтті, қазылар алқасында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының өкілдері жұмыс істеді.