Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
1 - 4 сыныптардың 23 мың оқушысы үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды
09-01-2020 17:29
1 - 4 сыныптардың 23 мың оқушысы үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды

Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде 2020 жылдың 9 қаңтарынан бастап 1 - 4 сынып оқушылары тегін тамақтанумен қамтамасыз ете бастады. Тегін тамақтанумен 23030 оқушы қамтылды, бұл 100 % құрайды, оның ішінде 20550 оқушы облыстық бюджет есебінен, 2480 оқушы көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан жалпыға міндетті оқу қоры есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілді. Барлық мектептерде оқушыларды тамақтандыру кестелері бар, асханада әкімшіліктің кезекшілігі ұйымдастырылады. Тамақтану 2 апталық перспективалық ас мәзіріне, санитарлық ережелер нормаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бір реттік тегін тамақтануға: 1-ші тағам, 2-ші тағам, нан, шай және 5 грамм бал кіреді.

Павлодар қаласының 42 жалпы білім беру мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру 27 мектеп асханаларын жалға алушылар есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, «Кейтеринбург Қазақстан» МЖӘ және жеке инвестицияларды тарту шеңберінде 2019 жылдың сәуірінен бастап Павлодар қаласының 7 мектеп асханасын 66,6 млн.теңгеге жаңғырту және пайдалану жобасы іске қосылды.

Балалар ауруларының алдын алу мақсатында мектеп асханаларында тағамдардың ассортиментіне пайдалы азық-түлік өнімдері енгізілді. Оқушыларды фортификацияланған (байытылған) бидай ұнымен қамтамасыз ету үшін қаланың барлық мектептері қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.