Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Поэтикалық және шешендік өнердің ең жақсы білгірлері
13-01-2020 10:14
Поэтикалық және шешендік өнердің ең жақсы білгірлері

2020 жылы 9 қаңтарда  Павлодар  қаласының  № 7 ЖОМ «Ақберен» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Мақсаты - білім беру және зияткерлік білімді игеруге бағытталған,дарынды балаларға арналған бағдарламаны жүзеге асыру, (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау) шығармашылық қабілеті бар дарынды балаларды қолдау. Байқауға қаланың 25 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 106 оқушысы қатысты. Байқау 6 бағыттан тұрды.

Байқау  қорытындысы бойынша  34 оқушы жүлделі орын алды, оның ішінде 5 оқушы жеңімпаз атанды, II – 11 оқушы , III орынға -18 оқушы ие болды.

«Шығарма» бағытында (шығарма жазу) І  дәрежелі дипломмен № 25 10 сынып оқушысы  Мырзатаева Дильназ, ІІ дәрежелі дипломмен № 38 мектептің  (7 сынып) оқушысы  Гүлнара Жансая,№ 40 ЖОМ - Нұрболат Марал (11 сынып), ІІІ дәрежелі дипломмен № 21 ЖОМ 10 сынып  оқушысы  Жасқайратова Даяна, № 33 - Кунашева Дилнур, № 24 ЖОМ - Галимова Айымгүл (9 сынып), № 35 ЖОМ - Абен Едил (7 сынып) марапатталды.

 «Көркем сөз оқу» бағытында (шығармадан үзінді оқу) І  дәрежелі дипломмен № 17 мектептің 8 сынып оқушысы  Галымжан Айбек, ІІ дәрежелі дипломмен № 7 ЖОМ 9  сынып оқушысы  Нуралиева Данара, № 29 ЖОМ - Қайыргелди Назерке (7 сынып), ІІІ дәрежелі дипломмен № 39 мектептің 9 сынып оқушысы  Жумабаев Елдос, Б. Момышұлы - Бекет Ерсайын, К. Бекхожин мектебі - Арын Дамеля (8 сынып) марапатталды.

 «Шешендік өнер» бағытында (берілген тақырып бойынша өз пікірін айту) І  дәрежелі дипломмен № 17 мектептің 9 сынып оқушысы Сартай Гулим, ІІ дәрежелі дипломмен № 2 мектептің 8 сынып оқушысы Мағамет Жибекжан (8 сынып), № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Абдикаримова Айым,  ІІІ  дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Бейсембай Камила (К. Бекхожин мектебі), Айдарғалы Райымбек (№ 19 ЖОМ), Магауия Аружан (№ 7 ЖОМ) марапатталды.

 «Ақындар мүшәйрасы» бағытында (өзінің шығарған шығармасын оқу) І  дәрежелі дипломмен № 24 мектептің 11 сынып оқушысы Колтай Максат, ІІ   дәрежелі дипломмен № 19 мектептің 11 сынып оқушысы  Бауыржанқызы Жанеля, № 7 ЖОМ - Ошал Мадина (7 сынып), ІІІ дәрежелі дипломмен № 38 мектептің 8 сынып оқушысы Солтанмурат Дилназ, № 2 ЖОМ - Абдрахманова Амина (11 сынып), № 24 ЖОМ - Ныгметова Айзана (9 сынып) марапатталды.

 «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында (аспапта ойнау) І  дәрежелі дипломмен № 35 мектептің 9 сынып оқушысы Нуркаев Адилжан, ІІ дәрежелі дипломмен № 6 мектептің 11 сынып оқушысы Алдыбек Елжас, № 27 ЖОМ - Исимбаева Замира (8 сынып), ІІІ дәрежелі дипломмен № 29 мектептің 6 сынып оқушысы Уразаева Тахмина, № 38 мектеп - Рамазан Махамбет (7 сынып), № 39 ЖОМ - Казбекпаева Асел (9 сынып) марапатталды.

«Ақындар айтысы» бағытында (акындар айтысы) ІІ дәрежелі дипломмен № 37 мектептің 9 сынып оқушысы Жумабай Диас, ІІІ дәрежелі дипломмен № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Уразалимова Сана, № 29 ЖОМ - Қазбек Дильназ (7 сынып) марапатталды.

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының Құрмет грамотасымен № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы Мукашева Гулзат, № 4 ЖОМ - Арман Айдынгул (10 сынып), № 1 ЖОМ - Кенже Аружан (8 сынып), К. Бекхожин - Төлеухан Даурен (9 сынып), Кенжекөл ЖОМ -Муратова Рахима (8 сынып), № 38 мектебі - Актан Адилет (8 сынып), № 30 ЖОМ - Кенес Аңсар (9 сынып), № 40 ЖОМ - Касен Фатима (10 сынып) марапатталды.

Жеңімпаздар қаңтар айында облыстық байқауда қала намысын қорғайды. Қалалық байқау Павлодар қаласы әкімдігі,білім беру бөлімі «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен өткізілді.