kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3022200
Бір айда308020
Бір аптада111789
Кеше33270
Тәулік10459
Қаланың білім беру мекемелерінің жас педагогтары арасындағы КТК
13-01-2020 12:27
Қаланың білім беру мекемелерінің жас педагогтары арасындағы КТК

Білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесе отырып 2020 жылдың 9, 10 қаңтарында № 14 ЖОМ-да мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің және Оқушылар сарайының жас педагогтары арасында «КТК - 2020» байқауының іріктеу турын өткізді. Мақсаты - қызығушылықты қолдау, КТК жастар қозғалысын дамыту, өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасуға жәрдемдесу.

Командалардың баяндамаларын бағалау критерийлері ретінде тақырыпты ашу дәрежесі, шығармашылық көзқарас, тапқырлық және әзіл-сықақ, әзіл-сықақ өзектілігі, авторлық, түпнұсқалық, суырып салып айту, көріністік, көркемдік деңгей және актерлік шеберлік болды;

Бұл кәсіби шеберліктің нағыз мерекесі болды. Байқаудың іріктеу турына барлығы 19 команда (№ 2, 14, 15, 16, 17, 19, 24, 29, 34, 37, 39, 41, М. Әуезов атындағы мектеп, Жетекші ОМ, № 5, 44, 85, 112 балабақшалар, оқушылар сарайы) қатысты. Мектепке дейінгі мекемелердің командалары конкурсқа алғаш рет қатысты.

«КТК-2020» -  «Қалай өмір сүресің, жас педагог?» сәлемдесуден, «Алға қадам» жаттығуы және «Жастар бүгін және ертең...» үй тапсырмасынан  тұрды. Командалар қазақ және орыс тілдерінде сөз сөйледі. Қатысушылар білім беру жүйесіне өз көзқарасын, шығармашылық пен қиялды, ерекше логика мен әзіл-сықақты, өздерінің поэтикалық және вокалдық қабілеттерін көрсетті.

  Білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Сеитова Сабира Шәкенқызы жетекшілік ететін білікті қазылар алқасы финалға өткен командаларды анықтады. Олар 12 команда болды: № 2, 14, 15, 16, 17, 24, 29, 34 ЖОМ, М. Әуезов атындағы орта мектеп, Жетекші ЖОМ, № 44 балабақша, оқушылар сарайы. Қалалық байқаудың финалдық кезеңі көктемгі демалыс кезінде өтеді.