ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар суреттерінде солтүстік жиектің пейзаждары
15-01-2020 09:13
Балалар суреттерінде солтүстік жиектің пейзаждары

2019 жылдың желтоқсан айында суретші Е. П. Шильниковскиді еске алуға арналған балалар бейнелеу өнерінің «Бұл жер менің Отанымның бастауы» халықаралық көрме-конкурсына Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 15 оқушысы өздерінің 16 жұмыстарын ұсынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша 5 жас павлодарлық дарындар байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

«Ұлы Устюг сәулет ескерткіштері бейнеленген пейзаж» номинациясы бойынша I орынды «Орыс солтүстігіндегі храмдар» суреті үшін 8 жастағы Зеронина Кира (педагог Масленникова Инна Владиславовна), «Ұлы Устюг бойынша экскурсия» суреті үшін - 11 жастағы Подгорецкая Ева (педагог Илларионова Лариса Борисовна), «Собор жанындағы мұз айдынында» суреті үшін - II орынды 13 жастағы Бакала Аурика, «Жексенбілік қызметтен кейін» суреті үшін - 13 жастағы Чапалова Юлианна (педагог Илларионова Лариса), «Ақ тондар» суреті үшін IV орынды 10 жастағы Ивонина Алина (педагог Решетова Наталия Владимировна) иеленді.

         Көрме Ресейдің Ұлы Устюг қаласында өтті. Мақсаты-еліміздің мәдени және рухани дәстүрлерін жаңғырту, сақтау және дамыту. Ресей мен Қазақстанның әр аймағынан 600-ден астам жұмыс қатысты.