ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркем сөз білгірі
17-01-2020 11:28
Көркем сөз білгірі

2020 жылы 16 қаңтарда  дарынды  балаларға арналған Omliot  көп бейінді лицей-интернатында «Ақберен» облыстық байқауында қала намысын 6 оқушы, байқаудың  қала кезеңінің жеңімпаздары қорғады. «Шешендік өнер» № 17 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сартай Гулим, «Ұлттық аспапта ойнау» - № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нуркаев Адилжан, «Ақындар мүшәйрасы» - № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Колтай Максат, «Шығарма» - № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мырзатаева Дильназ, «Көркем сөз оқу» номинацияларына № 17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Галымжан Айбек, № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Нуралиева Данара қатысты.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша I орынға - 1 оқушы, II орынға - 2 оқушы ие болды.

«Көркем сөз оқу» номинациясының жеңімпазы Галымжан Айбек, наурыз айында Маңғыстау қаласында өтетін «Ақберен» республикалық байқауына қатысады. Байқауда ол «Қобыланды батыр» эпосын жатқа мәнерлеп оқып шықты.  

 ІІ дәрежелі дипломмен «Ақындар мүшәйрасы» номинациясында Колтай Максат, «Шығарма» номинациясында Мырзатаева Дильназ марапатталды.

Облыстық байқауға облыстың мамандандырылған мектебі мен жалпы білім беру мектептерінің 8 - 11 сыныптың  103 оқушысы қатысты.