ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық чемпионаттағы жас каратистің біріншілігі
20-01-2020 09:19
Облыстық чемпионаттағы жас каратистің біріншілігі

Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі мектебінің 1 сынып оқушысы Ртищев Захар шинкиокушинкай каратэден облыстық чемпионатта I орын алды.

Шинкиокушинкай каратэден Қазақстан Республикасының спорт шебері, III дан қара белбеу жаттықтырушысы Османов Исмаилмен 4 жасынан бастап айналысады. Захар каратэде үлкен талантқа ие, оны оның жетістіктерінен көруге болады. Екі жылдың ішінде Захар түрлі жарыстардың қатысушысы және жүлдегері болды. Ол қаланың 3 ашық чемпионатының (2017, 2018, 2019 жылдары), балалар мен жасөспірімдер арасындағы шинкиокушинкай каратэден қалалық турнирдің қола жүлдегері, Қарағанды облысының ашық чемпионатында III орын иегері, каратэден V ашық республикалық турнирдің жеңімпазы (2019 жылы). Бұл жас спортшының негізгі жетістіктері ғана. Захар тәртіпті және мақсатына жете білетін оқушы, ода спорттық жаттығулар барысында ешқандай күмәнсіз шыдамдылық  дағдылары қалыптасқан.