ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кәсіподақ активін оқыту
20-01-2020 11:53
Кәсіподақ активін оқыту

№ 28 мектепте кәсіподақ активі мектебінің сабақтары аясында білім беру қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинарға қаланың 135 мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Семинар жұмысына «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы С. Ш. Сеитова, облыстық кәсіподақ кеңесінің заңгері Г. О. Жаркенова, білім беру бөлімінің әдіскері Г. Ш. Шиндлярская қатысты.

Семинар барысында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелері, «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіндегі» өзгерістер, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен ұжымдық еңбек келісім-шарттарына толықтырулар мен өзгерістер, педагогикалық кадрларды аттестаттаудан өткізу барысында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері талқыланды. Тыңдаушыларға еңбек қатынастары саласындағы заңнама мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Барлық қаралған мәселелер педагогтің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және оның мәртебесін көтеруге бағытталған.