ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорларының орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету
20-01-2020 12:05
Мектеп директорларының орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету

Мектеп директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына әдістемелік қолдау көрсету аясында 2020 жылғы 17 қаңтарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 539 бұйрығының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар-практикум өткізді. Педагогикалық кадрларды аттестаттау бойынша жұмысты ұйымдастыруға жетекшілік ететін қала мектептері директорларының орынбасарлары қатысты.

Семинар қатысушыларының назарына аттестаттау ережесінің өзгерістері ұсынылды: біліктілікке қойылатын талаптар, жұмыс өтілі, мерзімінен бұрын аттестаттау кезіндегі жетістіктері, ұлттық біліктілік тестінен өту нұсқаулығы, біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту ережесі, зейнеткерлік жас алдындағы педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау. Мектеп директорларының орынбасарлары аттестацияны өткізу бойынша нормативтік құжаттармен: хаттамалар нысандарымен, педагогтар портфолиосын бағалау парақтарымен, аттестаттауға және тестілеуге қатысты өтініштермен танысты.

Семинар материалдары жұмыс үшін мектептерге жіберілді.