Оқушылардың қарлы десанты
Волонтёрлер жылы шеңберінде Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен «Оқушылардың қарлы десанты» атты акциясы өткізілді. Мектептердің жоғарғы сынып оқушылары жеке секторларда тұратын 100-ден астам қарт адамдардың аулаларындағы қарды тазалауға шықты.
Қарт адамдар балалардың жақсы істеріне алғыстарын білдірді. Ол адамдар үшін жас ұрпақтардың ізгі ниет, игі іспен айналысқандарынан арттық ештеңе жоқ екендігін байқауға болады.