5 жасар шахматшы Қазақстан чемпионы атанды
18 жасқа дейінгі балалар арасында шахмат бойынша Қазақстан чемпионатында Павлодар қаласының № 126 бала бақшасының тәрбиеленушісі Эльсид Эльмурзиев Алматы қаласында 6 жасқа дейінгі топта жеңімпаз атанды.
Эльсид шахматтан облыстың шахмат бойынша аға жаттықтырушысы Арман Габдушевтің «Ладья» шахмат клубында 3 жастан бастап шахматпен шұғылданады. Ойынның басында Эльсид екі рет жеңіліске тап болды, содан кейін 2 ойынды жеңіп, I орынды иеленді. Осы чемпионатта 8 жасқа дейінгі топта павлодарлық шахматшы Ахмет Сүлейман, Павлодар қаласының № 33 балабақшасының түлегі III орынға ие болды.
18 жасқа дейінгі балалар арасындағы чемпионатта 6 жас тобында 872 спортшы бақ сынасты. Павлодар облысынан 37 жас шахматшы қатысты.