ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақ тиімділігінің мониторингі
22-01-2020 14:25
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақ тиімділігінің мониторингі

Назарбаев зияткерлік мектебінде 2020 жылғы 22 қаңтар күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің кезекті «ПроЛС» клубының сабағы («Жас маманның кәсіби тұлға ретінде қалыптасуы») өтті. Сабақтың қатысушылары қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 1 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар 50-ден астам жас мамандары, 2019 жылғы жоғары оқу орындарының түлектері болды. Мақсаты - жас маманның кәсіби өсуі мен қалыптасуына қолдау көрсету және арттыру.

Жас мамандар тәжірибелі модераторлар, Назарбаев мектебі директорының орынбасарлары Бабич Ирина Михайловна, Көпеев Арслан Жастлекұлы, Айдарханова Ирина Ивановна, Мельникова Юлия Геннадьевна, республикалық педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жаттықтырушыларымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақтың тиімділігін мониторингілеу» мәселесін зерделеп, талқылады.

«Бүгін жас маман - ертең кәсіби педагог» атты дөңгелек үстел жұмысына (галстуксіз кездесу) жас мамандармен «ПроЛС» клубының жетекшісі, білім беру бөлімінің әдіскері Ш. С. Нұрахметова, мектеп директорының орынбасары И. М. Назарюаев, «Үздік педагог - 2012» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Үздік педагог - 2012» атағының иегері, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушылары И. И. Айдарханова, педагогика магистрі Ю. Г. Мельникова, Buroakzent бүкілресейлік халықаралық тренерлер сайысының «Тәжірибелі жаттықтырушы - 2019» номинациясы бойынша жеңімпазы қатысты.  Сұхбатта қатысушылар тәлімгерлердің, тәжірибелі педагогтар мен жаттықтырушылардың кәсіби қалыптасуымен және өсуімен, жетістіктерімен танысты, сұрақтар қойып, пікір алмасты.