ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық олимпиадада Павлодар оқушыларының жетістігі
23-01-2020 16:38
Республикалық олимпиадада Павлодар оқушыларының жетістігі

Ақынның 175 жылдығына арналған 9 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі және әдебиеті бойынша Абай Құнанбаев атындағы II республикалық олимпиада да  Павлодар облысын Павлодар қаласының № 19 (2), 25 (2), 37 (2) жалпы білім беру мектептерінің 6 оқушысы және облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушыларының қатарынан құрама команда қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының оқушылары жүлделі орынға ие болды және марапатталды.

II орынды № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Кайдар Саяжан алды және  II  дәрежелі диплом және смарт-сағатпен марапатталды. Ол биылғы оқу жылында жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың қалалық, облыстық байқауларының жүлдегері.

III орынға № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Амантаева Аружан және 11 сынып оқушысы Тусупбекова Дамира иеленді. Олар III дәрежелі диплом және колонка-блютузбен марапатталды. Дамира жастар Жылына арналған, эссе-шығарма байқауы және қалалық пән олимпиадасының жүлдегері.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігінің Құрмет грамотасы және «А. Байтұрсынов мұражайы» кітабымен 8 - 11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалардың қалалық және облыстық жеңімпазы және қалалық пән олимпиадасының жүлдегері № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сурумбетова Камиля марапатталды.

Алғыс хатпен № 19 мектептің 9 сынып оқушысы Найманбаева Нұргүл, Макина Райхан, № 37 ЖОМ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Умрахимов Сакен Балтекұлы марапатталды.

2020 жылғы 21 - 23 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы  қазақ тілі және әдебиетін тереңдете оқыту бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты Қазақстан Республикасының ғылым және білім Министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық Орталығымен бірлесіп  өткізді. Олимпиада 2 кезеңде өткізілді - Абая поэзиясы және қара сөздері бойынша эссе және М. Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша мазмұндама.