ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Даланың тарих сабағы
23-01-2020 17:13
Ұлы Даланың тарих сабағы

Жалпы қалалық «Ұлы даланың тарихи тұлғасы - Сұлтанбет Баһадүр сұлтан» тарих сабағына  Павлодар қаласының № 26 мектебінде 8 - 11 сыныптың 164 оқушысы, мектеп педагогтары мен қонақтары қатысты. Тарих сабағы биылғы жылы «Сұлтанбет сұлтан» Қоғамдық Қоры және оның ұрпақтары атап өтетін Сұлтанбет сұлтанның 310-жылдық мерейтойына арналды.

Өткізілген сабаққа «Сұлтанбет Баһадүр сұлтан» кітабының құрастырушы-авторлары: «Сұлтанбет сұлтан» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Жұмабек  Жүкенұлы Камзин, тарихшы-өлкетанушы, Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің магистранты  Виталий Александрович Сирик, № 26 мектебінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Анар Кәрімқызы Байғабылова болды.   Құрметті қонақтар қатарында Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушіс, төраға орынбасары Сарсенбаева Айнұр Мақсұтқызы, «Павлодар облысының фин-этномәдени орталығы» бірлестігінің төрайымы Николашина Ольга Леонидовна, Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің басшысы Көбенова Нұрия Қалымқызы, «Рухани жаңғыру» облыстық жобалау кеңсесінің менеджері Мусабаева Динара Серікқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мұражайының директоры Жунусова Алия Рахметжанқызы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Margulan Centre» директоры, археолог Тимур Нұрланұлы Смағұлов болды.

Келген қонақтар өздерінің сөз сөйлеулерінде Сұлтанбет Баһадүрдің өлкеміздің тарихына қосқан үлкен үлесі мен Ұлы даланың өте сауатты әрі әділ саясаткері ретінде құрметтелетін саяси қайраткер екенін атап өтті. Ал, В. А. Сирик: «XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының бірегей, Ертіс әскери желісінде сол дәуірдің саясатына ықпал еткен көрнекті тұлға», - деп атады.

Сабақ қатысушылары «Ирбис» телекомпаниясының тілшісі Азамат Айтхалин түсірген «Ертіс өңірінің билеушісі» атты деректі фильмін тамашалап,   Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген Сұлтанбет Баһадүр сұлтанның мұражай-қонысына виртуалды экскурсия жасады. Мектептің 8 - 10 сынып оқушылары Карамышев Евгений, Жалецкая Елизавета, Течина Элина, Есенко Лия Сұлтанбет сұлтанға арналған өлеңдерді жатқа оқыды. Ж. Аймауытов атындағы театр әртістері Нуржан Саркамбаев және Руслан Ныгмановтың «Абылай сұлтанның Ғалдан ханға  жоңғарлармен тұтқындалуы кезіндегі жауабы» атты театрланған қойылымы кеш қонақтарын сол кезеңдегі атмосфераға енгізіп, олардың есінде көпке дейін қалатыны сөзсіз.

Өткізіліп жатқан шараның халықаралық маңызы туралы Ресейдің  Невель қаласы мектеп-гимназиясынан, Украинаның Харьков қаласы қазақтарының қоғамдық бірлестігінен, Алматы қаласының Еуразиялық мәдениет қорының төрағасы Е. М. Канапьяновтан мектеп атына және қатысушыларға жолдаған құттықтау жеделхаттары оқылды.

Мектеп директоры Любовь Анатольевна Щербакова өз сөзінде мектептің 1015 оқушысы, 18 ұлт өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысып, мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихын қызыға және сәтті меңгеріп жүргенін, мектептің кітап қоры Сұлтанбет сұлтан Баһадүр туралы тарихи кітаппен толықтырылғанын атап өтті. Тарих сабағы қатысушылардың «Атамекен» патриоттық өлеңін орындаумен аяқталды.