ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарда Абай ғылыми-тәжірибелік конференциясы
27-01-2020 11:47
Павлодарда Абай ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2020 жылғы 24 қаңтарда Павлодар қаласы № 24 ЖОМ  «Қазақ халқының ұлы - Абай Құнанбаев» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  Мақсаты - ұлы Абайдың әдеби мұрасын зерттеп дәріптеу арқылы оқушы, ата-ана, мұғалімдер көшбасшылығын дамыту, ұлттық мәдениет қорын сақтау, кәсіби қауымдастықтардың кеңістігін, мектеп қауымдастықтардың үшбірлігін кеңейту.

Конференцияға № 24 мектептің 1500 астам 2 - 11 сыныптардың оқушылары, Павлодар қаласы мектептерінің мұғалімдері, Қазақстанның  Eurasian Resources Group ERG Еуразия тобы қатысты. Құрметті қонақтар ретінде Павлодар қ. білім беру бөлімінің өкілдері, педагогика магистрі, «Абай жылы» жобасының жетекшісі  Бахытжан Бегенбековна Оспанова, көрнекті ғалымдар:  тренер, профессор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі «Абай жылы» жобасының кеңесшісі Тина Кабылкасымовна Маняпова, ғылым докторы, филология профессоры Гайша Ертаевна Имамбаева, ассоциациялық профессор, «Лингвистика» мамандығы бойынша доцент, Инновациялық Еуразия университетінің PHD докторы Асем Кималитденовна Сулейменова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттің Гуманитарлық ғылымдары Жоғары мектебінің вице-деканы, доцент Майгуль Ирангаиповна Оразханова, БАҚ өкілдері шақырылды. 

Пленарлық бөлім № 24 мектептің директоры Рахимгожина Нургуль Шампатовна «Ұлы Абайдың мұрасы» баяндамасымен және абайтанушы, ақын  Даниял Асеновтің «Ұлы Абайды ұлықтау - ұрпақ міндеті» баяндамасымен басталды. Баяндамашылар: республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Раушан Кабиденовна Касымканова мен 11 сынып оқушысы Көлтай Мақсат, «Абайдың қара сөздері» баяндамасымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің студенттері Сейсембаев Медет Серикулы мен Нежимединов Айдос Кайратулы, «Абай қоғам қайраткері»  № 24 мектебінің тарих мұғалімі Рысты Нажмиденовна Рахимжанова, «Абай жылы» жобасы - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, тренер Тина Кабылкасымовна Маняпова.

         Мұғалімдер қатысуымен «Қазақтың қос ырысы, қосшысы», 2 - 4 сыныптары оқушыларының қатысуымен «Қазақтың бас ақыны», 5 - 7 сыныптары оқушыларының қатысуымен «Абайды оқы, таңырқа!», 8 - 9 сыныптары оқушыларының қатысуымен «Әлем таныған Абай», 10 - 11 сыныптары оқушыларының қатысуымен «Абай жолы ұрпақтар жолы» тақырыптарында тәжірибелік бөлім өткізілді.

Онлайн трансляцияға Шығыс Қазақстан облысының, Қызылорда, Семей, Қарағанды қалаларының білім беру мекемелері, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Шығыс Қазақстан облысының Майтөбе ЖОМ, Павлодар облысы Аққулы ауданының Малыбай ЖОМ қатысты.

Конференцияның соңында іс-шараның қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің грамотасымен  марапатталды: «Қазақтың бас ақыны» номинациясы - 1 - 4 сыныптар арасында 6 оқушы, «Абайды оқы, таңырқа!» номинациясы - 5 - 7 сыныптар арасында 6 оқушы, «Әлем таныған Абай» номинациясы - 8 - 9 сыныптар арасында 3 оқушы, «Абай жолы ұрпақтар жолы» номинациясы - 10 - 11 сыныптар арасында 3 оқушы, «Қазақтың қос арысы, қос данасы» номинациясы - 3 мұғалім.