ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар тарихын сақтаушыларымен кездесу
28-01-2020 11:39
Павлодар тарихын сақтаушыларымен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 27 қаңтарында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 бейіндік мектебі Павлодар қаласының 300 жылдығына орай «Біздің қаламыздың тарихы» атты кездесу өткізді. Кездесуге 6 - 8 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты, қаланың құрметті тұрғындары өңірдің атақты өлкетанушысы, еңбек ардагері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Соколкин Эрнест Дмитриевич, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасының директоры, «Nur Оtаn» облыстық партия филиалы «Мирас» облыстық Кеңесі төрағасының орынбасары, Игибаева Роза Ержанқызы шақырылды.

Қонақтар VIII ғасырдың басындағы Павлодардың тарихы, көше атауларының пайда болуы туралы әңгімеледі, мұрағаттық суреттерді көрсетті.  Балаларға қазіргі «Золотой теленок» дүкені орналасқан ғимаратта революцияға дейін кинотеатр болғанын, бір кездері Педагогикалық институт ғимаратының алдында Павлодарға Мәскеу мүсіншілерінің басқа да ескерткіштерінің ішінде сыйға берілген Ломоносов ескерткіші тұрғанын білу қызықты болды. 1975 жылы қала шетіндегі кептірілген, батпақты жерде № 36 мектептің құрылысы аяқталғаны жайлы фактісі қызықты болды. Сол жылы біздің отандасымыз, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Қанаш Қамзиннің жаңа көшесі пайда болды.  Қонақтар сондай-ақ, XVIII ғасырдың ортасындағы Ертіс өңірінің билеушісі, ұлы Абылай ханның немере ағасы Сұлтанбет Баһадүр сұлтан туралы да айтып берді. Мектеп оқушылары қонақтармен өз жетістіктерімен бөлісті және туған қаласы туралы өлеңдер оқыды. «Адамдарға жүрек» мектеп клубының еріктілері Эрнест Дмитриевичке «Павлодар. Жол көрсеткіш» кітабын жаңарту үшін ақпарат жинауға көмектесуді шешті. «Кездесу қызықты және танымды болды. Күн сайын Павлодар туралы осындай жанды және қызықты әңгіме ести бермейсің», - деп атап өтті, мектептің 7 сынып оқушысы Кашин Захар.