ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың еліміздің тарихи тұлғалары туралы шығармашылық жұмыстары
28-01-2020 14:50
Оқушылардың еліміздің тарихи тұлғалары туралы шығармашылық жұмыстары

Сұлтанбет Бахадур сұлтанға арналған «Ертіс-Кереку өңірінің баһадүр сұлтан Сұлтанбет» атты қалалық ғылыми-танымдық конференция Павлодар қаласының № 19 ЖОМ-да 2020 жылдың 27 қаңтарда өтті. Мақсаты - Сұлтанбет қызметі, Абылай ханның қазақ халқының тарихындағы рөлі туралы ғылыми ақпаратпен алмасу, еліміздің тарихи тұлғаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау. Конференцияға Павлодар қаласының № 2, 12, 19, 20, 22, 28, 33, 37, 39 ЖОМ 100-ден астам мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

Конференцияға 11 оқушы және 2 мұғалім өз баяндамаларын ұсынды. «Сұлтанбет сұлтан мәмлегер, дипломат» баяндамасымен № 22 ЖОМ-нің 10 сынып оқушысы Досмұхамбет Асель, «Төретұмсық тарихындағы Сұлтанбеттің рөлі - Татымбек Олжас, № 37 ЖОМ-нің 10 сынып оқушысы, «Сұлтанбет сұлтан - Ертіс өңірінің билеушісі, беделді тұлғасы» - Сүлеймен Ақниет, № 2 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы, «Тарихи деректердегі Сұлтанбет сұлтан» - Айдарғали Райымбек, № 19 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы, «Сұлтанның ісін ұлықтау тарихи парыз» - Бозаева Дильназ, № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы, «Абылайханның ағасы - Сұлтанбет» - Джүнісбек Әлібек және Ыңғайбек Жұлдыз № 37 ЖОМ 6 сынып оқушылары, «Сұлтанбет сұлтан Ертіс өңірінің билеушісі» - Есимханова Нарғыз, Олжабаева Анель, № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушылары, «Сұлтанбет сұлтан XVIII ғасырдағы беделді тұлға» - Жақиянова Аружан, № 39 ЖОМ 10 сынып оқушысы, «Сұлтанбет сұлтанның тарихта алатын орны» - Негметова Адина, № 12 ЖОМ 10 сынып оқушысы, «Сұлтанбет сұлтан тарихын зерттеу, біздің парызымыз» - Рысбаева Гульдана Қабдылжағыпарқызы, № 28 ЖОМ тарих пәні мұғалімі, Омаров Жұбан Байдоллаұлы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі. Өз сөздерінде олар қатысушыларға Сұлтан тұлғасын, XVIII ғасырдың саясатын ашып, Ертіс өңірінің дамуына қосқан қызметімен таныстырды. Сұлтанбет сұлтан туралы деректі фильм көрсетілді.

Конференция қорытындысы бойынша қала мектептерінің мұғалімдері мен оқушыларына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің алғыс хаттары мен сертификаттары табыс етілді. Павлодар.