Еліміздің мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев шығармашылығына арналған, «Әбіш оқулары» облыстық байқауының қорытындысы бойынша облыстың 22 оқушысы жүлдегер және жеңімпаз атанды,оның ішінде І орынға 4 оқушы, ІІ орынға - 7, ІІІ орынға 11 оқушы ие болды, оның қатарында Павлодар қаласының № 35 мектебінің 2 оқушысы. «Әбіш Кекілбаев шығармашылығына иллюстрация» бағытында 9 сынып оқушысы Рахатбек Азиза ие болды. Азиза кішкентай кезінен сурет бойынша байқауларға, театралдық қойылымдарға қатысады. «Жазушының шығармашылығынан үзінді мәнерлеп оқу» бағытында 7 сынып оқушысы Жанабай Айдана ие болды. Ол мектеп өміріне белсене қатысады, вокал, хорегорафиямен шұғылданады.
Байқау облыстың білім беру басқармасы қосымша білім беру бөлімі «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-әдістемелік орталығымен 2020жылғы 30 қаңтарда № 35 ЖОМ өткізілді. Облыстың 5 мамандандырылған мектебі мен 3 аудан,қаладан 80 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес байқау 4 бағыт бойынша өтті.