ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кішкентай жұлдыздардың үлкен жеңісі
06-02-2020 09:11
Кішкентай жұлдыздардың үлкен жеңісі

2020 жылы 2 ақпанда  Павлодар қаласындағы Естай атындағы ҚМС «Алтын дауыс» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы VI халықаралық өнер байқауында 6 - 18 жастағы 300 аса әншілер қатысты, сонымен қатар Павлодар қаласының  № 35 ЖОМ 3 оқушысы.

«Эстрадный вокал. Соло» номинациясында  7 - 10 жас санатында  сөзі  Дулат  Құйқас, музыкасы Куаныш Кұрманбаев  «Өнерге ғашық баламын» өлеңі үшін І орынға 2 сынып оқушысы  Егинбай Омар, сөзі  Ш. Мойтры және Л. Тубажанова, музыкасы  Ш. Мойтры «Бала бақыты» өлеңі үшін II орынға 3 сынып оқушысы Татенова  Дильназ  ие болды.

 «Эстрадный вокал. Соло» номинациясында  11 - 14 жас санатында  сөзі  және музыкасы Әлжан Нұрлыбеков «Жаса, қазағым!» өлеңі үшін І орынға 6 сынып оқушысы  Болтаев Бақберген иеленді.

Егінбай Омар 2 сыныпта оқиды. 1 сыныптан музыкамен шұғылданады. 3 сынып оқушысы  Татенова Дильназ кішкентай кезінен музыканы жақсы көреді. Оны  «Достар» мектеп вокал үйірмесіне анасы жазды.  Болтаев Бакберген 6 сыныпта оқиды. Ол өзінің болашағын сахнамен байланыстырады. Жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу өз ісіне адалдығы    мен жоғары кәсібі үшін  «Ең жақсы мұғалім» дипломымен музыка  мұғалімі Айнұр Бахытқызы Тлеубаева марапатталды.