ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі балалар би ұжымының жетістіктері
07-02-2020 11:28
Мектептегі балалар би ұжымының жетістіктері

Естай атындағы ҚМҮ 2020 жылдың 2 ақпанында «Билеп өмір сүр» атты IV Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Байқауға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларынан 360-тан астам қатысушы құрамында: би ұжымдары, солистер, вокалдық топтар болды, соның ішінде Павлодар қаласының № 43 ЖОМ «Royallkids» би тобы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша № 43 ЖОМ 7 - 10 жас аралығындағы топ ұжымы «Қысқы ермек»  биі үшін I орын, 11 - 14 жас аралығындағы топ «Студент, үйрен» биі үшін III орын алды.

Мектепте би ұжымы 2018 жылы құрылған. Ең басында ұжымда бар болғаны 5 - 7 сынып оқушылары 10 оқушы болды, қазіргі уақытта топ 2 топшада 25 оқушыдан тұрады. Кіші топта 2 - 5 сынып 10 оқушы және орта топ 6 - 8 сынып 15 оқушыдан тұрады. Топ әр түрлі қалалық іс-шаралар мен байқауларда қатысады. 2018 жылы Халықаралық «Mega Жұлдыз» байқауында және  республикалық «Би бала» байқауында I орындарға ие болды. 2019 жылдың ақпан айында би ұжымы Қазақстан астанасына барып, «Kazahstanstars Astana» халықаралық байқауында І орын алды. Кіші топ Павлодар қаласында (2019 жыл) «Dancefestafal» халықаралық байқауының лауреаты болып табылады. Би ұжымының жетекшісі - Егорова Анастасия Алексеевна, мектептің педагог-хореографы болып келеді.