ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дарынды оқушылардың орындауында соғыс жылдарындағы әндер
12-02-2020 12:18
Дарынды оқушылардың орындауында соғыс жылдарындағы әндер

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында 2020 жылдың 8 ақпанында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 31 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер фестивалінің финалдық гала-концерті өтті. Фестиваль 15 - 18 жас аралығындағы облыстың ең жарқын және талантты оқушыларын жинады. Мақсаты - белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, әскери-патриоттық әнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Байқауға Ұлы Отан соғысының соғыс жылдарындағы әндер мен ауған әндері енгізілді. Байқау қаңтар айында іріктеу турынан және қорытынды гала-концерттен тұрды. Қазылар алқасы қатысушыларды іріктей отырып, вокалдық-техникалық жағдайын, орындау мәдениетін, әртістік қабілетін және репертуардың тақырыпқа сәйкестігін ескерді.

Байқау қорытындысы бойынша гран-приді Кенжекөл ЖОМ 10 сынып оқушысы Әбілдә Рузия иеленді. Рузия гитарада Григорий Кропивскийдің «Это просто война» әнін және Виталий Леоновтың «Я тебя не оставляю, Леха» әнін орындады. Рузиямен мектептің музыка жетекшісі Мусина Елена Петровна айналысады.

І орынды Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айдархан Баян, сөзі Д. К. Турусбековтікі, Р. Каированыкі, әні Б. Нұрқасымованыкі, соғыс жылдарындағы «Ардагерлер» әнін, сөзі  В. Аришинаныкі, әні Е. Шашинаныкі «Непрошенная война» әндерін орындады. Жеңімпазды мектептің музыка жетекшісі Джакова Қарлығаш Сұртайқызы дайындады.

Сөзі А. Дементьевтікі,  әні Е. Мартыновтікі «Баллада о матери» әні үшін № 9 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Козолуп Алиса және № 41 ЖОМ триосы Досанова Дина, Банникова Анастасия, 9 сынып оқушылары және Түйтебаев Ерсұлтан, 8 сынып оқушысы иеленді. Трио орындауында Эдуард Колмановский сөзі мен музыкасына жазылған «Алеша» және сөзі Наталья Млынцеваныкі, әні Ирина Таропчанинаныкі «Біз қайтып келдік...» атты әні шырқалды,

III орынды Нұр-Сұлтан қаласындағы «Струнная капель - 2019» республикалық балалар-жасөспірімдер гитара ән фестивалінің жеңімпазы, № 16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Левченко Леонид, Жұмаханова Сабина, 9 сынып оқушысы Джасқайратова Даяна, 10 сынып оқушысы, Сарсенова Даяна, Маденова Саяжан, № 21 ЖОМ 8 сынып оқушылары, № 35 ЖОМ 10 сынып оқушысы Аманжол Аружан және 9 сынып оқушысы Асхат Мөлдір иеленді. Олардың орындауында «Смуглянка», «Жеңіс үні», «Огонек», «Как хочется жить», «Афган» соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

Фестиваль қатысушыларының үздік музыкалық орындаушылары «Павлодар қаласы мен Павлодар облысының Ауған соғысының және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының табыс еткен сыйлықтары мен марапаттарына ие болды.