ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық пән олимпиадасы
17-02-2020 10:44

Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Абайдың 175 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің олимпиадасы Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беру орта мектебінде (Шөкин көшесі, 27) 2020 жылдың 24 ақпанында сағат 15.00-де өткізіледі.

Мақсаты-мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік, деңгейін анықтау, шығармашылық белсенділікті ынталандыру және кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және ынталандыру, педагог мәртебесін арттыру.

Қалалық олимпиада 2 кезеңде: І іріктеу кезеңі – 2020 жылғы 24 ақпанда сағат 15.00, ІІ финалдық кезеңі - 2020 жылғы 4 наурызда сағат 09.00 өтеді. Іріктеу кезеңінде педагогтар пән бойынша теориялық тапсырмаларды, екінші кезеңде - эссе және практикалық тапсырмаларды орындайды.

І кезеңге тест тапсырмаларын орындау үшін 1 сағат 30 минут (90 минут), ІІ кезеңге - 2 сағат (120 минут) бөлінген.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатыса алады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі