ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептеріндегі Абай күні
18-02-2020 14:54
Қала мектептеріндегі Абай күні

2020 жылдың 18 ақпанында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» өткізілді. Бұл іс-шараға 40000 астам оқушылар қатысты. Мақсаты - оқушылардың Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету, қазақ халқының ұлы даналығына деген сүйіспеншілігін арттыру, Абай Құнанбаевтың ақын, композитор және философ ретіндегі тұлғасын    кеңейту. Педагогикалық еңбек ардагерлері мен БАҚ шақырылды.

Осы орайда Павлодар қаласының денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы № 41 мектебінде  барлық  57 сыныпта, 1560 оқушы қамтылған 30-дан астам түрлі іс-шаралар өткізілді. 1 - 11 сынып оқушылары «Абай - дана, Абай - дара қазақта» радиохабарына қатысты. «Ұлылардың ұлысы - Абай» әдеби-музыкалық композициясында мектеп оқушыларының орындауында Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндері шырқалып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Жалпымектептік «Өлең-сөздің патшасы...» мәнерлеп оқу челенджіне  1 - 7 сынып оқушылары қатысты. Челлендж 7 сынып оқушылары өздерінің сүйікті өлеңдерін оқып, оны эстафетамен мектептің басқа сыныптарына табыстайтын мектеп сайтында видеожазбаларды жариялап, іске қосты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 7 сынып оқушыларымен «Ұлы ойшыл» атты дөңгелек үстел өткізді. 10 сынып оқушыларымен «Abai is a great poet of Kazakhstan» әдеби қонақ бөлмесі, 6, 10 сынып оқушыларымен «Ерік, Ақыл және Жүрек» адамгершілік сабақтары, 8 сынып оқушыларымен «What do you know about Abai?», 7 сынып оқушылары - «The life of Abay», 5 сынып оқушылары - «Brain ring «The way of Abai» поэзиялық кеші, 4 сынып оқушылары – «Абай әндері бізбен бірге өмір сүреді» атты музыкалық сағаты ұйымдастырылды. Сынып жетекшілері «Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі» (5 - 11 сыныптар), «Абай-жер ақыны қазақ» (8 сыныптар), «Abai. a great Kazakh poet» (6-сыныптар), «Сенің есімің өшпес, Абай» (7-сыныптар). 1 - 4 сыныптарда  «Ұлы Абайдың даналығы», «Абайдың Қара сөздері», «Қазақ халқының ұлы ақыны», «Біздің ұлы Абай , сенің есімің мәңгі!», «Ұлы Абай туралы» атты сынып сағаттары өткізілді.

Кітапхананың веб-бетінде Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абайға бет бұрамын» буктрейлер жарияланды, буктрейлер 5 - 6 сынып оқушыларын Абай өлеңдерімен таныстырды. Мектеп кітапханасымен Абайдың шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Абай - ұлт рухының жаршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.