ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас волонтерлар балабақшада
19-02-2020 15:05
Жас волонтерлар балабақшада

2020 жылдың 19 ақпан күні еріктілер қозғалысы аясында Павлодар қаласының білім бөлімінің бастамасымен Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушылары сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 14 түзету балалар бақшасының тәрбиеленушілері, кішкентай достарына қонаққа келді. Мақсаты - қайырымдылық көмек көрсету, балаларды қоршаған ортаға, өмірге, әдемілікке  деген ортақтастық сезімін тәрбиелеу.

Көркесурет мектебінің 4 сынып оқушылары Адина Жексенова, Ангелина Полянцева, Юлия Светашева, Егор Пономарев, Максим Черныш, Алина өз еріктерімен қолғап қуыршақтарының театрландырылған қойылымын дайындады. Олар қазақ халқының «Ашкөз және жомарт» ертегісін сахналады. Ал қуыршақтар мен әшекейлерді мектеп мұғалімдері А. В. Аткина, Ш. Р. Шушаев, Н. В. Решетова, Л. Б. Илларионова, Д. С. Смыков оқушылармен бірге жасады. Қуыршақтарды жасау үшін  аң терісі, киіз, мата, пластика және жапсырмаға қолданылатын  масса пайдаланылды. Киімнің өрнектері сүйкімді және сүйіспеншілікпен кестеленіп, шапан жиегі өрнектермен және бас киімдер аң терісімен тігілген. Балаларға аққұбаның терісінен жасалған ұлпан терісінен жасалған сұр қасқыр, сонымен қатар әдемі жылтыраған сауысқан мен киізден шыққан қызыл түлкі өте ұнады.  Қойылым соңында балаларға сүйкімді қолғап қуыршақтарын балалар сыйлық  ретінде алды.

Мектептің жас достарына өнерге деген қызығушылықтарын ояту мақсанында «Мысық» атты шеберлік сағаты өткізілді. Балалар қызығушылық пен ынта-жігермен мектептің қосымша білім беру мұғалімі Инна Масленниковамен бірге түрлі-түсті қағаздар мен маркерлерден кесу әдісі мен мозаикалық аппликация әдісін қолдана отырып, мысық жасау туралы тапсырмаларды орындады.