ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас экологтар форумы
20-02-2020 10:58
Жас экологтар форумы

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында  2020 жылғы 19 ақпан күні «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумының қалалық кезеңі өткізілді. Форумға № 30, 28, 35, 37, 42, 16 білім беру мектептерінің  7 - 10 сынып оқушылары мен орталық тәрбиеленушілерінен құралған «Табиғат және біз», «Юный краевед», «Экологические десанты», «Гүлстан», «Экологи» құрама командалары қатысты.

Форум 6 кезең бойынша өткізілді: «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем», «Жасыл оазистер», «Табиғаттың құтқару шеңбері» экологиялық квест. Ғылыми-зерттеу жобаларын қорғауда қатысушылар табиғи нысандар мен аумақтарға жүргізілген зерттеулер, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері, денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелік қызмет, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын өткізілетіні туралы ұсынды.

«Экоәлем» номинациясы бойынша көркейту, көгалдандыру, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжайлар, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік аймақтағы жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. «Жасыл оазистер» эко дизайнерлер конкурсында қатысушылар флористика ережелерін ескере отырып, табиғи-өсімдік материалдарынан еркін стилде жұмыс жасады. «Табиғаттың құтқару шеңбері» экологиялық квестінде оқушылар түрлі құрамдар туралы өз білімдерін көрсетті, жануарлар әлемінің өкілдерін жеке фрагменттер бойынша анықтады, берілген жағдаятта табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін шешті, Қызыл кітап беттеріне саяхат жасады.

Қалалық форумның қорытындысы 2020 жылғы 26 ақпанда шығарылады, номинациялар бойынша жеңімпаздарды «Қазақстан алюминийі» АҚ грамоталары мен жүлделерімен марапатталады. Форумды өткізу оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарлы көзқарасқа баулуға ықпал етеді.