ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
21-02-2020 10:11
Қала мектептері директорларының кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2020 жылғы 18 ақпанда қаланың жалпы білім беру мектептерінің директорларымен кеңес өткізді.

Кеңесте «Қаланың жалпы орта білім беру мекемелерінде логопедтік пункттер мен инклюзивті кабинеттердің қызметін ұйымдастыру туралы», «Оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, оның ішінде қағазсыз құжат айналымы бойынша жұмыс жағдайы туралы», «Қала мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасы туралы», «Мектеп кітапханалары қызметінің тиімділігін талдау туралы» мониторинг қорытындылары қаралды. «2019 жылы педагогикалық кадрларды аттестаттаудан өткізу туралы», «2019 жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жағдайы туралы», «Қала білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша Жол картасын іске асыру туралы»есептері тыңдалды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтказина өз сөзінде логопедтік пункттердің жұмысына, қолданыстағы кабинеттердің материалдық-техникалық жабдықталуына, әдістемелік көмек көрсету бойынша жас логопедтерге арналған семинарлар өткізуге ерекше назар аударды. Мектептерде педагог қызметкерлердің аттестаттау комиссиясы қызметінің сапасына, электронды журналдардың жүргізілуіне, жұмыс тәжірибесін тарату, компьютерлендіруді енгізу бойынша кітапханалардың жұмысына бақылау жүргізу туралы нақты ұсыныстар берілді. Оқушылар мен қауіп тобындағы балаларды бос уақытын ұйымдастыру бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыру, рейдтік іс-шараларды күшейту, ата-аналармен, қолайсыз отбасылармен ақпараттық-ағартушылық, алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы айтылды. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтауға, оқушылардың ыстық тамақтануының сапасын және 5-11 сынып оқушыларының қамтылуын бақылауды күшейтуге назар аударды.

«Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы» мәселе бойынша мәжілісте университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Г. М. Мұсанова сөз сөйледі.