ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
21-02-2020 10:53
Әл-Фарабидің рухани мұрасы

Павлодар қаласының № 35 мектебінде Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қалалық семинар өтті. Семинар бағдарламасы аясында «Әл-Фараби рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың адамзаттың ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, мұрасы туралы білімдерін кеңейту, оның рухани мұрасын насихаттау.

Семинар жұмысына филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, Айман Файзоллақызы Зейнуллина, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен журналистика кафедрасының меңгерушісі, журналист, «Найзатас» журналының редакторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, № 7, 19, Б. Момышұлы атындағы мектептердің кітапханашылары, № 35 мектептің 6 - 11 сынып оқушылары қатысты.

Семинарда тарих мұғалімі Қ. Х. Жүніспаева ағылшын тілі мұғалімі А. Ю. Абрарова, 10 сынып оқушысы Кошматова Балнұр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Мектеп оқушылары Ұлы ойшыл туралы презентациялар жасап, театр қойылымдарын ұсынды. Қонақтар Әл-Фараби туралы танымдық материалдар ұсынды, сұрақтарға толық жауап берді, оның рухани мұрасы туралы түсінік берді. Қатысушылардың жұмысы «Әл-Фараби және әлемдік өркениет», «Шығыс Аристотельі», «Іл-Фарабидің ғылымның әр түрлі бағыттардағы дамуындағы рөлі» атты 3 секция бойынша бөлінді.