ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ІI қалалық «Үздік сабақ әзірлеу - 2020» конкурсын өткізу туралы
24-02-2020 08:56

2020 жылғы 27 наурызда сағат 14.00 № 7 ЖОМ  (пл. Победы, 13) Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Үздік сабақ әзірлеу - 2020» конкурсын өткізеді. Конкурстың мақсаты - үш тілді оқытуда жұмыс істейтін педагогтарды белсенді педагогикалық қызметке, жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту практикасын жетілдіруге. Инновациялық режимде жұмыс істейтін, кәсіби қоғамдастық ішінде табысты педагогикалық тәжірибе алмасуға және өз қызметінің нәтижелерін көрсетуге ұмтылатын педагогтарды анықтау және қолдау. Оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық әдістемелерді тарату.

Байқауға 116 –дан аса жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика жүргізетін мұғалімдер қатысады.

Конкурстық жұмыстарға талаптар қойылды. Үздік жұмыстардың авторлары I, II, III дәрежелі дипломдармен және номинациялардағы грамоталармен «Үздік SMART-сабақ», «Үздік CLIL-сабақ», «Үздік ІТ-сабақ», «Сабақтың үздік мазмұны» марапатталады

Үздік жұмыстар II қалалық конкурстың қорытындысы бойынша материалдар жинағында басылып шығарылады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қысқа мерзімді жоспарлары Павлодар қаласы білім беру бөлімі  сайтында орналастырылады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі