ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дебаттық пікірсайысқа қаланың 20 командасы қатысты
24-02-2020 10:44
Дебаттық пікірсайысқа қаланың 20 командасы қатысты

2020 жылы 21 ақпанда  М. Әуезов атындағы  мектепте  Павлодар қаласы білім беру бөлімі, Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы  мен Павлодар Мемлекеттік   педагогикалық университетінің  «Ақиқат» дебаттық клубымен бірлесіп 9 - 10 сынып оқушылары арасында I дебаттық турнир өткізілді. Турнир мақсаты - дарынды балаларды айқындау және мектеп ортасындағы пікірсайыс әдістемесін насихаттау.

Алғаш рет қаланың жалпы білім беру мектептері құрамында 40 оқушы  20 команда  британдық парламенттік  форматта I дебаттық турнирге қатысты.Осындай формат бойынша әлемдік біріншілік және Қазақстанда көптеген турнирлер өткізілуде. «Үкімет» және  «Оппозиция» командалары Парламент  Палатасы ұсынған тақырып аясында құрастырылған заң жобасын қарастырды «Қазақстанның экономикалық мүмкіншілігін көтеру үшін, еліміздің орта және кіші бизнестегі экономикалық жағдайға қарағанда,технократқа ерекше көңіл бөлу қажет  деп есептейді Британдық парламент», «Мемлекет тарапынан меншік мектептерді қолдау дұрыс емес деп есептейді Британдық  парламент»,  «Қала көшелерін қазақтандыру дұрыс деп есептейді Британдық  парламент».

Пікірсайыс қорытындысы бойынша № 19 ЖОМ 9 сынып оқушысы  Айдарғали Райымбек және 10 сынып оқушысы  Досаева  Адели «Зияткер»  командасы жеңімпаз атанды және  ауыспалы  кубок алды. II дәрежелі дипломмен  № 2 ЖОМ  9 сынып оқушысы  Сүйлеймен Ақниет және 10 сынып оқушысы  Кинаятова Диляра «Жігер» командасы марапатталды.

III  дәрежелі дипломмен  Б. Момышұлы атындағы мектептің   10 сынып оқушысы  Садық Аиша  және 9 сынып оқушысы  Киякова Арайлым «Талап» «Жігер» командасы, № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы және 10 сынып оқушысы  Уразалимова  Сана  «Фемида» командасы  марапатталды.