ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды мектепте оқуға дайындау
24-02-2020 11:03
Балаларды мектепте оқуға дайындау

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі ұйымдардың бастауыш әдіскерлеріне практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жоспары аясында жас әдіскер мектебінде семинар-практикумдар циклы өткізіледі.

Жас әдіскер мектебінде «Бастауыш мектептің білім беру кеңістігіне кіру үшін мектепке дейінгі жастағы балалардың дайындық деңгейі» атты кезекті сабақ Павлодар қаласының  № 111 сәбилер бақшасында 2020 жылдың 19 ақпанында өтті. Сабақта Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. Қ. Нұрғалиева қатысушыларды білім беруді дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

6 жастағы балаларды мектеп оқуына дайындау мәселелерін талқылауға № 36 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері, О. Ю. Береснева, тәжірибеші педагог-психолог, Т. Ю. Деймунт, әдіскер Т. В. Слабкова және № 111 балабақшаның мектепалды топтарының тәрбиешілері Л. В. Каланжова, Т. А. Гофман қатысты. Семинарға қатысушылар 6 жастағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және білім беру, балалар мен ересектердің өзара іс-қимылына тәрбиелеу-білім беру үрдісінің барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру құралдарына баса назар аударды.

Семинарда жас әдіскерлер «Бірінші сынып оқушысының 6 жыл моделін» әзірледі, ол мектепке дейінгі ұйым жұмысының түзету, дамыту, білім беру, тәрбиелеу және түзету әсерін күшейту үшін педагогикалық жүйенің әрбір субъектісінің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.