ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі пәні мұғалімдер олимпиадасының іріктеу кезеңінің қорытындысы
25-02-2020 12:03
Қазақ тілі пәні мұғалімдер олимпиадасының іріктеу кезеңінің қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 24 ақпанында Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде Абайдың 175 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық пән олимпиадасының І іріктеу кезеңі өтті. Мақсаты - шығармашылық белсенділікті ынталандыру және кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және ынталандыру, педагог мәртебесін арттыру.

Олимпиадаға қатысу үшін 42 мектептен 209 мұғалім өтініш білдірді, оның ішінде 120 мұғалім жоғары санатты (педагог-зерттеуші), 61 - бірінші (педагог-сарапшы), 15 - екінші (модератор), 13 - санаты жоқ.

І іріктеу кезеңінде 180 қатысушы 1 сағат 30 минут (90 минут) пән бойынша тестілеуден (теориялық тапсырмалар) өтті. Ііріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ІІ финалдық кезеңге 79 қатысушы өтті. II финалдық кезеңде 4 наурызда қатысушылар 2 сағат (120 минут) эссе жазып, практикалық тапсырмаларды орындайды. Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатыса алады.