ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан жері таланттарының бастауы
25-02-2020 12:09
Қазақстан жері таланттарының бастауы

Павлодар қаласының № 38 мектебінде Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ауылдық кітапханамен бірлесіп «Қазақстан жері талантының бастауы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мерекеге 1 - 8 сынып оқушылары қатысты.

Мерекеміз «Қазақ халқының Ұлы перзенті» фильмімен басталып, «Абай күні» науқанында өткізілген бір күндік шара көрсетілді.  Ауылдық кітапхананың кітапханашысы Оспанова Екатерина Васильевна кеш қонақтарымен таныстырды.  Әдеби кеш 3 кезеңнен болды. Бірінші кезеңде шараға келген қонағымыз Абайтанушы Асенов Данияр Сабырұлы дана Абайдың шығармаларын насихаттай отырып, қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқыса, Павлодар қаласының «Орталық кітапхана жүйесінің» басшысы Кемешова Нұргүл Бекболатқызы Абай мұралары жайында ой қозғады. Шараның 2-ші бөлімінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Гүлнәр Жанболат, Павлодар Инновациялық көпсалалы колледжінің 2 курс студенті Солтанмұрат Камила, мектеп түлектері, 2018, 2019 жылдағы Абай оқуларының жүлдегерлері Абай туралы өлеңдер оқыды. Үшінші кезеңде жоғары сынып оқушылары Александр Македонскийге арналған «Ескендір» поэмасын сахналады. Бұл поэмада ақын жаулап алушының ашкөздігін айыптай отырып, Аристотель бейнесін сомдап көрсетеді. Кеш соңы «Көзімнің қарасы» әнімен қорытындыланды.

«Абай 170-ке жуық өлеңдер мен 56 аударма жасап, поэмалар, қара сөздер жазды. Оның тамаша шығармаларына үндеу балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, эмоционалдық әлемді дамытуға, азаматтылық пен патриотизмге, еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген құрметке тәрбиелейді», - дейді ауылдық кітапхананың кітапханашысы Оспанова Екатерина Васильевна.