ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Еріктілер - туған еліне
26-02-2020 11:49
Еріктілер - туған еліне

       Еріктілер жылына арналған іс-шаралар аясында 2020 жылғы 25 ақпанда Павлодар қаласы № 24 жалпы орта білім беру мектебінде «Еріктілер - туған еліне» форумы өтті. Мақсаты - белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу, оқушылардың көшбасшылық және адамгершілік-этикалық қасиеттерді, патриотизм сезімдерін қалыптастыру, мектепте еріктілер қозғалысын дамыту. Форумға 600-дей 8 - 11 сынып оқушысы, мектеп мұғалімдері қатысты. Қонақтар ретінде «Красный полумесяц» ҚБ төрайымы Ирина Ивановна Иванова, «Чернобыль» ҚБ төрағасы Виктор Георгиевич Деймунд, «Замандас-Павлодар» ҚБ директоры Нурбану Аргыновна Амиргалиева, Павлодар қ. ішкі саясат бөлімінің басшысы Жахин Олжас, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Карина Закарина, облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бас маманы Айгерим Бауржановна Манабаева, Краснощеков Роман Николаевич, Павлодар облысының Жастар бастамасын дамыту орталығынң еріктілер қызметін дамыту жөніндегі инспектор  Акежан Катеев, Ауғанстан ардагерлер одағының басшысы Галимжан Гаусильевич Шарапатов шақырылды.

    Форумға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышева қатысып, мектептің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы және еріктілер қозғалысын дамытудағы үлкен жұмысын атап өтті. Форумда жас педагогтардың бастамасымен ашылған 30 еріктілер клубының және 2 мектеп жасағының ашылу рәсімі өтті. Барлық еріктілер жобалары келесідей жобалар бойынша 7 бағытқа біріктіріледі: «Сабақтастық» - еріктілер балалар үйінің балаларына қамқорлық жасай алады, «Саулық» - науқастарға күтім жасау, «Таза әлем» - қоршаған ортаны қорғау, «Асыл Мұра» - халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау, Қамқор» - қарттар үйіндегі адамдарға көмек, «Білім» - ауыл мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларына ҰБТ дайындық, ағылшын тіліне және компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша көмек көрсету,  «Үміт» - Жеңістің 75 жылдығына орай отандастардың ерліктері туралы құжаттарды іздеуге қатысу.

Форумда № 24 ЖОМ, «Клуб добряков», «Поисковики г.Павлодара «VITA», Павлодар қаласының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

30 жас маманға, еріктілер клубтарының жетекшілеріне сертификаттар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ, форумда домбыра жетістіктерге жеткен 4 сынып оқушысы Ләзат Адиловаға  домбыра сыйға берілді. Форумда салтанатты түрде 4 сыныптың оқушысы Адилова Ләзатқа домбыра тарту етілді, ол домбыра үйірмесіне қатысады және домбыра бойынша жетістіктері бар. Бүгінгі форумда «Аллегро», «Жас Қанат», «Старт kz» топтары көрсеткен концерт нөмірлері форум қонақтары мен қатысушыларын тәнті етті. Мектепте аталған форумды өткізу дәстүрге айналатын болады.