ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Асық ату бойынша облыстың құрама командасы құрылды
26-02-2020 17:11
Асық ату бойынша облыстың құрама командасы құрылды

Павлодар қаласының № 1 ЖОМ-да Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған оқушылардың Х жазғы Қазақстан гимназиадасына қатысу үшін асық ату бойынша облыстың іріктеу турына, 2003 - 2004 жылдары туған және одан кіші оқушылар қатысты. Әр команда құрамында 3 ұл, 3 қыз бар.

Ұлдар «Бес табан», қыздар «Бес асық» сайыстарына қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының қыздар командасы Тараз қаласындағы Қазақстандық оқушылар гимназиадасында облыс намысын қорғайтын болады. Команда құрамына облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 6 оқушысы кірді, оның ішінде Павлодар қаласының № 40 ЖОМ 7 сынып оқушысы Жанабекова Сабина бар. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың білім беру басқармасының грамоталарымен, медальдарымен және командалық дипломдарымен марапатталды.