ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Химия бойынша халықаралық олимпиаданың Құрмет грамотасы
27-02-2020 09:55
Химия бойынша халықаралық олимпиаданың Құрмет грамотасы

А. Бектуров атындағы  VІ халықаралық  химиялық олимпиадаға Ресейдің   Новосибирск қаласынан, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» автономдық білім беру ұйымы,  республикалық білім беру ұйымдары Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары  еліміздің 12 аймағынан 18 команда құрамында 74 оқушы қатысты, сонымен қатар Павлодар облыстық команда құрамында Павлодар қаласының № 39 мектебінің оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы  Илияс Сұлтан «Ертіс дарыны» Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сұлтан республикалық XII Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегері 2019 жыл, жалпы  білім беру пәндері бойынша облыстық,қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы (2019, 2020 жылдар). Олимпиада  2020 жылы 25 - 26  ақпанда Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында өтті. Олимпиаданың бірінші күні қатысушылар теориялық тапсырмалар, екінші күні практикалық тапсырмалар орындады.