ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
КВН-де жасұланшылар
27-02-2020 12:41
КВН-де  жасұланшылар

Талантты оқушыларды қолдау, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудың жаңа формалары  мен өзіндік қызметін  жетілдіру, жастар арасында жанрдың ең жақсы белгілі  дәстүрін дамыту мақсатында «Жас Ұлан» жоғарғы сынып балалар-жасөспірімдер ұйымдарына  арналған КВН өтті.  Ойында Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің  9 - 11 сыныптың 123 оқушы құрамында 5 команда жарысты.  «Приветствие», «Биатлон», «Музыкальный номер о школьной жизни» байқауларында жарысты.  КВН шарты бойынша бағалау кезінде әділ қазылар ойыншылардың сахналық және тілдік мәдениетін, костюм,тапқырлығын және зеректілігін, әртістілігін, музыкалық шешімін, театралдық образ құруын ескерді.

Ойын актерлік шеберлік,күлкілі миниатюр,қызықты сахна, өткір ойлы әзілдер ұсынылуымен танымды,қызықты көңілді өтті. Ойын қорытындысы бойынша абсолюттік жеңімпаз және   кубок иегері № 23 ЖОМ «Крутые перцы» командасы КВН-де алғаш рет қатысады. Байқау шарты бойынша сәлемдесуде олар әрбір қатысушыға  көңіл бөле алды, музыкалық  номерде «Наверно,потому что» группы  «Время истекло» музыкамен мектеп өмірі туралы өлең ұсынды.

II орынға  «Time for heroes» № 20 ЖОМ командасы,  III орынға «Жас ұлан time» № 2 ЖОМ командасы ие болды. Құрмет  грамотасын  № 21 ЖОМ «Павлодарский бешбармақ», № 39 ЖОМ «ТО», № 16 ЖОМ «Кристалл» командалары алды. Б. Момышұлы атындағы «Саламалейкум», № 26 «NON-Stop», № 29 «Аш-два-во» командалары «Ең ерекше», «Ерекше және тапқырлық», «Көрнекті ақыл» номинацияларын алды.

КВН 2020 жылы  26 ақпанда № 16 лицей-мектебінде  Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен өткізілді.