ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халық қолөнерін сақтау және дамыту
27-02-2020 16:04
Халық қолөнерін сақтау және дамыту

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 27 ақпанында экологиялық бағыттағы № 36 жалпы білім беретін бейіндік мектебінде «Қазақ қолөнерінің мерекесі» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты - ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын танымал ету, халық қолөнерін, халықтық сәндік-қолданбалы өнерді, ұлттық дәстүрлерді, халық өнерінің реңімен авторлық бұйымдарды сақтау және дамыту.

Бұл іс-шараның өзегі Павлодара қаласының № 36, 17, 43 мектептерінің және Аксу қаласының № 8 мектебінің 100-ден астам жұмыстарының көрмесі болды. Көрмеде 6 - 11 сыныптардың 90-нан астам оқушылары мен олардың тәлімгерлері өз шеберліктерін көрсетті. Стильдердің әртүрлі үйлесімі таң қалдырды, жол бағытын таңдауда адасу оңай болды. Жұмыстар киізден, былғарыдан, бастырмамен, кестемен, тоқумен, ағашта оюмен, күйдірумен орындалды. Оқушылардың қиялының шығармашылық шарықтауы белгілі бір тақырыппен шектелмеген. Көрме шағын «аралшықтарға» бөлінді, олардың әрқайсысы белгілі бір оқу орнына тиесілі болды.

№ 36 мектептің мұғалімі, Наталья Анатольевна Балобанның тоқымадан, былғарыдан, иірімжіптен, бисерден жасалған, көктемнің келуін, сұлулықтың және өмірдің жаңаруын бейнелейтін ұлттық костюмдегі жас қыз бейнесімен «көктем» коллажы ерекше болды. Ақсу қаласының № 8 мектебінің мұғалімі Жакенова Алмагүл Ермекқызы балалар жұмыстарын ерекше атап өтті: «Барлық жұмыстар: көрмеде ұсынылған макеттер, суреттер, кілемдер, тұрмыстық заттар, декорация элементтері, үлкен махаббатпен және ынтамен орындалған. 11 жастағы Артур Чертковтың киіз үй үлгісі, 11 жастағы Адина Ибраеваның «Түйе» бастырмасы, 13 жастағы Валерия Русиновичтің «Алматы аппорты» коллажы таңқаларлықтай көрінеді. Балалардың төзімділігі, шыдамдылығы және бұл сұлулықты жасауға деген құштарлығы таң қалдырады». Қонақтар ұлттық костюмдерді, панно, тұрмыстық заттарды, киізден жасалған сандықтарды қызығушылықпен зерделеді.

Көрмеде Қазақстан Республикасы «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының, Оңтүстік Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Алтын Атеева шеберлік сабағын өткізді. Кәсіпқоймен шеберлік сағатында қатысушыларға «суық» батик техникасын меңгеруге және ұлттық қолөнерге жеке қол жеткізуге мүмкіндік берілді.

«Бүгінгі күні балалар шығармашылығын дамытудың көптеген стандартты емес бағыттары пайда болды. Халық өнерін зерделеу және насихаттау мәдени мұра мен байлықты сақтауға ықпал етеді», - деп, атап өтті мектеп директоры, Ахмадова Зауреш Дауленқызы.