ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық пән олимпиадасы туралы
28-02-2020 09:27

2020 жылдың 4 наурызында сағат 9.00-11.00-де Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектепте (Шөкин көшесі, 27) олимпиаданың соңғы кезеңі өтеді. Сағат 17.00-17.30-да олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізіледі.

Павлодар қаласындағы қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес Абайдың 175 жылдығына орай Павлодар қаласындағы жалпы орта білім беру мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық пәндік олимпиадасы өтеді.

Мақсаты-шығармашылық белсенділікті ынталандыру және кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді қолдау және ынталандыру, педагог мәртебесін арттыру.

Олимпиада 2 кезеңде: Ііріктеу кезеңі 2020 жылдың 24 ақпанында өтті. Іріктеу кезеңінде педагогтар пән бойынша теориялық тапсырмаларды, орындады (тестілеу), 2 кезеңде қатысушылар эссе жазып, практикалық тапсырмаларды орындады. Тестілеуге 1 сағат 30 минут (90 минут), II кезеңге - 2 сағат (120 минут) беріледі.

Олимпиадаға қатысу үшін қаланың 42 жалпы білім беретін мектептерінен 208 мұғалім өтініш білдірді. Оның ішінде жоғары санатты (зерттеуші - педагог) – 120 мұғалім, бірінші санатты (сарапшы - педагог) - 60, екінші санатты (модератор) - 15, санаты жоқ - 13 мұғалім.

Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық және республикалық деңгейдегі конкурстарға қатыса алады.