ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебі оқушыларының жетістіктері
28-02-2020 10:44
Музыка мектебі оқушыларының жетістіктері

2020 жылғы 25 - 26 ақпанда «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж - музыкалық мектеп интернатында жас музыкантшылардың 53-ші облыстық конкурс-фестивалі болды. Мақсаты - дарынды балаларды қолдау, музыкалық білім беруді дамыту. Конкурс - фесстивальға Павлодар, Екібастұз қалалары, Майқайын, Щарбақты, Тереңкөл, Ақтоғай, Железинка, Көктөбе ауылдарының өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінің хор ұжымдары мен фортепиано бөлімінен 140-тан астам оқушылар қатысты.

Конкурстық тыңдау барысында барлық 7 - 17 жастағы топтарда нағыз шығармашылық жарыс өріс алды.

Конкурс нәтижелері бойынша Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің оқушылары 3 жүлделі орынды иеленді. I орынды А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» (Ю. Колчин хорына ыңғайланған), С. Оспанның сөзіне жазылған, музыкасы А. Абдинуровтікі «Арайлы алтын ұям», «Итальянская полька» музыкасы С. Рахманиновтікі, сөзі Джо Кьярдікі, музыкасы Д. Шварцтікі «You gotta generate heat» музыкасын орындағаны үшін жоғарғы сыныптар хоры алды (жетекшісі Миронец Ксения Владимировна, концертмейстерлері Масленников Дмитрий Станиславович және Андрющенко Александр Александрович). Хор құрамында 10 - 17 жастағы 25 оқушы бар. Хор Мәскеу қаласындағы облыстық жас музыкантшылардың конкурсы, «Озорная весна» халықаралық конкурсының гран-при иегері болып табылады (2016 жыл).

II орынды И. С. Бахтың «Трёхголосная инвенция», В. А. Моцарттың «Соната», Ф. Кальбреннердің «Токката», Абайдың (Т. Асанованың өңдеуі)  «Айттым сәлем,  Қаламқас» бағдарламаларын жеке орындауда Цуроева Милана алды, 11 жас (педагогы Зверева Мира Борисовна), III орынды И. С. Бахтың «Трехголосная инвенция», И. Гайдннің «Соната», Б. Хасангалидің «Ноктюрн», Э. Мак-Доуэллдің «Искорка» бағдарламаларын орындағаны үшін Ахметова Риза алды, 11 жас (педагогы Рябовол Светлана Леонидовна), III орынды И. С. Бахтың «Двухголосная инвенция»,  Й. Гайдннің «Соната», Р. Клейнмихельдің «Листок гонимый ветром», Абайдың (өңдеуі  Сағаттікі) «Көзімнің қарасы» - бағдарламаларын орындағаны үшін Бейсен Адема алды, 9 жас (педагогы Зверева Мира Борисовна).

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған концертмейстерлер мен педагогтар облыстық білім беру басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды. Көктемде Қарағанды қаласындағы республикалық конкурсқа облыстық команда құрамында Цуроева Милана мен жоғарғы сыныптар хоры баратын болды.