ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
28-02-2020 11:53
Ерекше білім беруді  қажет ететін мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2020 жылғы 26 ақпанда зияткерлігі бұзылған балаларға арналған түзету үлгісіндегі № 39 балабақшада «Түзету балабақшасында зияткерлігі бұзылған мектепке дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Арнайы балабақшалардың педагогтары, № 4 мектеп-интернат мамандары диалог алаңында ерекше білім алу қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелерін талқылады. № 39 сәбилер бақшасының әкімшілігі, педагогтары, мамандары ерекше білім беруді қажет ететін балаларды түзету-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының жүйесін ұсынды: анықталған даму бұзушылықтарын ескере отырып, баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның маман-дәрігерлерімен кешенді тексеру, бала педагогтарының, балабақша мамандарының балаға кешенді көмек көрсету бағыттары мен стратегиясын анықтау, кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық ықпал ету нәтижелерін талдау және өзара әрекеттесу, түзету процесіне қажетті түзетулер енгізу.

Қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген және бейімделген жұмыс бағдарламалары, ақыл-ойы бұзылған балалармен жұмыс істеу үшін әртүрлі технологияларды қолдану арқылы әдістемелік құралдары бар көрме ұсынылды.