ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робототехника бойынша ең жақсы команда үшін қаланың 120 оқушысы жарысты
28-02-2020 18:26
Робототехника  бойынша ең жақсы команда үшін қаланың 120 оқушысы жарысты

2020 жылы 28 ақпанда  № 25 ЖОМ мектебінде   оқушылардың  робот бағдарламалау  дағдыларын жетілдіру мақсатында «Мой робот» робототехника бойынша ІІІ қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиада  қаланың 28 жалпы білім беру  мектебінен  122 оқушы  құрамында  61  команда жинады.

Олимпиада 5 - 10 сынып оқушылары арасында «Кегельринг квадро»,  «Биатлон», «Робофутбол», «Лабиринт», «Сложная линия» 5 жас ерекшелігі  бойынша өтті. «Кегельринг квадро», «Биатлон» 2 бағытында 25 жалпы білім беру мектептерінен  5 - 8 сыныптың орта жас топ  қатысушылары.

Командалық сынақта  абсолюттік жеңімпаз атанған № 24 ЖОМ командасы құрамында Аралбай Еламан, Ильгыбаев Амир, Мансуров Алихан, Сидоров Никита 5 - 6 сынып оқушылары. Олар 2019 жылы «КазРоботикс» республикалық олимпиада жеңімпазы  болған.

Қатысушылар екі минутта сызылған рингтен, шеңберден әрі қарай тапсырылған түсті кеглиді шығарып тастау керек. Осы рингте көп ұпай жинаған № 29 ЖОМ команда жеңімпаз атанды,  II орынға № 25 ЖОМ командасы, III орынға - № 14, 40 Кенжекөл ЖОМ командасы ие болды.

 «Биатлон» категориясында жарысқан роботтар, аз уақытта тапсырылған жол бойынша және бақылау аймағында барлық  нысаналарды соғып, кедергі бағандарға тимей, басталған жерінен мәреге  дейін өздігінен жету керек. Осы тартыста  көп ұпай жинаған № 24 ЖОМ команда жеңімпаз атанды, II орынға № 35 ЖОМ командасы, III орынға - Б. Момышұлы атындағы ЖОМ командасы ие болды.

«Сложная линия» категориясындағы  қатысушылар  алдындағы  міндеті робот аз уақытта көп ұпай жинап, нүкте сызық, инверсиялық, қиылыс ерекше элементтері бар, қара сызық бойынша,басынан мәреге дейін өздігінен өту керек. Осы жекпе-жекте 11 команда жеңімпазы № 24 ЖОМ командасы  жеңімпаз атанды, II орынға № 25 ЖОМ командасы, III орынға - № 9 гимназия-мектебі, №  28 ЖОМ командасы ие болды.

«Робофутболда» 25 жалпы білім беру мектептерінің командалары қарсыластарының  қақпасына  доп соғып, өз қақпасын қорғады. Зияткерлік робот-спортсмендер арасындағы жарыста доп және кәсіби полигон пайдаланылды, онда робот жарысы өтті. Кіші-турнир  процессінде қатысушылар  бағдарламалау, механика, құрастыруда өз дағды мен білімдерін көрсетті, қарсыластарымен өзара қызмет жасалған. Турнир қорытындысы бойынша  I орынға  № 26 ЖОМ, II орынға - № 39 ЖОМ, III орынға -  13 ЖОМ  ие болды.

«Лабиринт» категориясында жарысқан роботтар аз уақытта барлық кедергілерден озып шықты, жарыс көшбасшысы атанды. Жарыс қорытындысы бойынша I  орынға № 9 гимназия-мектебі, II орынға - № 28,III орынға -  № 34, 35 ие болды.

 № 2, 21, 37, Кенжекөл ЖОМ мектеп командалары Құрмет грамотамен марапатталды.