ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас домбырашылар орындауында күй
10-03-2020 15:31
Жас домбырашылар орындауында күй

2020 жылы 5 наурызда М. Катаев атындағы оқушылар Сарайында Алтын Орданың  750- жылдығына арналған, «Күйтартыс- 2020» домбыра орындаушылары облыстық байқауының финалдық  турына Щарбақты ауданынан, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларынан 28 оқушы қатысты. Облыстық байқаудың ерекшелігі ұлттық аспап мұрағатын сақтау бойынша ұлттық салт-дәстүрді жалғастыру болып табылады. Қатысушылар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сары-арқа», Даулеткерейдің «Түркімен», А.Желдибаевтың «Ерке сылқым», Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» шығармаларын  және «Келіншек» қазақтың халық күйін  орындады.

Байқау қорытындысы бойынша ең жақсы жеке орындау қатарында I орынға № 38 ЖОМ 7 сынып оқушысы, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының  тәрбиеленушісі Рамазан Махамбет иеленді.Ол байқауда «Шалқыма» күйін орындады, «Салем» клубында 7 жыл  домбырамен шұғылданады. 

II орынға № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Хамит  Ниязбек иеленді. Байқауда  оның орындауында А.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Дина Нұрпейісованың «Тойбастар» және қазақтың халық күйі «Келіншек» естілді. Ол  Павлодар қаласының балалар  музыкалық мектебінде 8 жыл домбырада ойнайды.

III орынға № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы оқушылар Сарайының  «Жасекпін» үлгілі ұжым мүшесі Нұркаев  Әділжан  иеленді. Байқауда ол Тәттімбеттің  «Саржайлау» күйін орындады, 10 жыл домбырада ойнайды.

Байқау қатысушылары мен жеңімпаздары оқушылар Сарайының  дипломдарымен марапатталды.