ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мен әдебиетінің 39 білгірлері өз білімдерін тексерді
11-03-2020 17:45
Қазақ тілі мен әдебиетінің 39 білгірлері өз білімдерін тексерді

 «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, академик К. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының  17 жалпы білім беру мектептерінен  9 - 11 сыныптың  39 оқушысы, мектеп ішілік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Олимпиада 2020 жылы 11 наурызда № 41 ЖОМ өтті. Мақсаты  - шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды балаларды қолдау және дамыту,   патриоттық сезімді, адамгершілікті дамыту, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне,мәдениетіне деген құрметін тәрбиелеу.

         Қатысушылар олимпиадада 2 бағыт бойынша жарысты. Жазбаша бағытта Абай шығармашылығы, Махамбет өлендері, К.Бітібаеваның педагогикалық қызметі мен қазақ ақындарының шығармашылығы бойынша эссе жазды. Ауызша бағытта қатысушылар еңбегі сіңген К.Бітібаеваның өмірі, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектері туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімдерін сынады.

       Олимпиада қорытындысы бойынша 14 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде I орынды 3 оқушы, II орынды -5 оқушы, III орынды -6 оқушы иеленді. Олар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

I дәрежелі дипломмен № 38 НОМ 9 сынып оқушысы Оспанова Асия,  № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы  Искак Камила, № 33 мектебінің 11 сынып оқушысы Кыдырбаев Нұрсултан марапатталды. Олар сәуір айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады. 

II дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушылары Мағауия Аружан (№ 7 ЖОМ), Әбілмансұр Еркежан (мектеп-лицей № 20), 10 сынып оқушылары Бейсен Ділнәз (№ 19 ЖОМ), Құнашева Ділнұр (№ 33 ЖОМ), 11 сынып оқушысы Пазылбек Ботагөз (№ 35 ЖОМ) иеленді.

III дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушылары Заитова Малика (№ 19 ЖОМ),  Адылбекова Айым (№ 37 ЖОМ), 10 сынып оқушылары Камиева Сабина (К. Бекхожин атындағы ЖОМ), Куанышпекова Дильназ (№ 37 ЖОМ), 11 сынып оқушылары Аманжолова Амина(мектеп-лицей № 20), Кайдар Саяжан ( № 37 ЖОМ) ие болды.

       Оспанова Асия, Искак Камила, Кунашева Ділнұр, Пазылбек Ботагөз 2019 жылғы олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері.